МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Экскурсия және насихат бөлімі

Экскурсия және насихат бөлімі 2016 жылы жаңадан құрылды. 2016 жылдан бастап бөлім меңгерушісі Н.Таңатаров болып тағайындалды. Бөлімде 10 экскурсовод, 18 музей қараушы қызмет атқарады.

Экскурсия және насихат бөлімінің негізгі міндеті қорық-музейге келушілерді 6 (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб) тілде экскурсиямен қамтамасыз ету және көпшілікке насихат жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді:

Экскурсоводтардың лауазымдық міндеттері:

  • бекітілген нормаларға сәйкес экспозиция, көрме, ашық сақтау қорлары мен мұражайлар нысандарына экскурсия жүргізеді;
  • әдіскердің жаңа материалдары мен ұсыныстарына сәйкес, экскурсияға толықтырулар мен өзгерістер енгізеді;
  • экскурсия жүргізу әдісін дамыту үшін жұмыстар жүргізеді;
  • экскурсия бойынша әдістемелік ұсыныстар мен тыңдаулар дайындауға;
  • мәдени-ағартушылық шаралар жүргізуге қатысады.

Білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңын;
  • барлық мамандықтардың ерекшелігін ескере отырып мәдениет тарихы, этнография және археологияны;
  • мұражай ісі мәселелері бойынша басшылыққа алатын материалдарды;
  • ғылыми-ағартушылық жұмыстар бойынша жаңа зерттеу және әдістемелік әдебиеттерді;
  • экскурсия мен дәріс тақырыбын, экскурсияның және дәріс беру жұмыстарының отандық және шет елдік озық тәжірибесін;
  • еңбек туралы заңнама негіздерін;

Мұражай қараушыларының лауазымдық міндеттері:

  • кезекшілік кезінде сеніп тапсырылған экспонаттарды бұзылудан және ұрланудан сақтайды;
  • экспозициядан экспонаттар бүлінген және жоғалған жағдайда ҚР заңында белгіленген шекте тәртіптік материалдық және қылмыстық тәртіппен жауапкершілікке тартылады;
  • тапсырылған экспонаттарды мұражайды келушілерге ашар алдында қабылдап алады және жұмыс аяқталған соң жазба бойынша өткізеді;
  • экспозициялардың тазалығына бақылау жасайды;
  • кезекшілік кезінде өз қызмет орнында болады, қажет жағдайда алмастыратын жауапты адам бекітілмейінше, кетіп қалуға болмайды, еңбек тәртібін сақтайды;
  • келушілермен мәдениетті сөйлесу дағдысын игеруге міндетті;
  • қорық мұражайға келушілердің экспонаттармен танысу ережесін сақтауын қадағалау міндетті;
  • қорық-мұражайда өрт қауіпсіздігін сақтауға міндетті;
  • Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс.