Құдықхана

Құдықхана – қазандық пен дәліз арқылы байланысты ғимараттың шығыс жағындағы, мұнараға көтерілетін баспалдағы бар шаршы бөлме оңтүстіктегі шұңғыл ойық есебінен созылыңқылау болып көрінеді. Құдықхананың аты осындағы құдықпен байланысты, құдық құрылыс кезінде су алу үшін қазылған деген жорамал бар. Құдық айналдыра дөңгелете кірпіштен қалаған диаметрі 80 см. Осы құдықтан су алып Тайқазанды толтыратын болған.

Кесененің маңдай бетінің құрылысы аяқталмаған. Пештақ пен мұнаралардың төменгі бөлігі тікбұрышты өрнекті майоликалық панно қойылуға дайындалған күйінде қалып қойды. Пештақ қуысында құрылыс барысында пайдаланған ағаш «сатылар» де сол қалпында тұр. Ғимараттың үш — шығыс, батыс және солтүстік фасадтары ғана әшекейленген. Олар кең түрде эпиграфика қолданылған геометриялық және өсімдік өрнектермен айшықталған. Әсіресе, майоликалық және мозаикалық нақыштар солтүстік порталда көп шоғырланған.Олардың портал үстінде қалықтап тұрған қатпарлы күмбезбен көршілес тұруы – бұл кесененің сыртқы келбетіндегі ең сымбатты және ою-өрнек шоғырланған орын етіп тұр.

Алдыңғы ақпарат

Кітапхана бөлмесі

Келесі ақпарат

Кіші Ақсарай