«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми кітапханасында 7800 кітап қоры бар. 1997 жылы т.ғ.к. Л.Б.Ерзаковичтің жеке кітапханасынан сатып алынған 700 дана кітап кітапхананың құрылуына негіз болды. Жыл сайын кітапхана қоры толықтырылуда. Этнография саласы бойынша 1318 дана, археологиялық бағыт бойынша 2300 дана, тарих саласы бойынша 1700 дана, нумизматика саласы бойынша 250 дана, әдебиет бойынша 400 дана, сыйға берілген кітаптар саны 700 дана, газет-журналдар бойынша 230 дана кітаптар мен газет-журналдар бар.
Ғылыми кітапханада жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне әдебиеттермен танысуға мүмкіндіктер қарастырылған.
Кеше Кентау қаласындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9-10 сынып оқушылары арнайы мектепшілдік ғылыми жоба бойынша әдебиеттермен танысу үшін, музей-қорықтың ғылыми кітапханасында болды.
Мектеп оқушыларымен сұхбаттасқанымызда мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Сұлтанхан Әмина: «Біздер Кентау қаласынан арнайы келдік. Кентауда көптеген кітапханалар бар. Алайда, біз іздеген материалдарға қатысты әдебиеттерді «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханасынан кездестіріп жатырмыз. Кітапханаларыңыз өте бай екен. Алдағы уақытта да кітапханаға келіп, ғылыми бағыттағы жұмыстарымызды жандандыратын боламыз. Бізге қолдау білдірген музей басшылығына, ғылыми жұмыстарымызға бағыт көрсетіп жатқан ғылыми қызметкерлерге, арнайы кітапханашы М.Көпеева апайға алғыс білдіреміз» — деп сөзін түйіндеді.
М.Көпеева,
музей-қорық кітапханашысы.