МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Далаиль Хайрият

«Далаиль Хайрият» (жақсылық дәлелдері)  деп аталады. Араб тілінде жазылған, 1-204 бет. Мұқабасы қатты картоннан жасалып, бетіне жұқа сарғыш түсті қызыл бояумен әшекейленген, ортасында мөр тәріздес дөңгелектің ішінде  жазуы бар қағаз жапсырылған. Бұл кітапта намаз дұғалары мен Аллаһ Тағаланың 99 есімі берілген. Намаз дұғалары мыналар: «Аллаһумма салли дұғасы». «Аллаһумма салли алә Мухаммадин уа алә әәли Мухаммәд кәмәә саллайтә алә Ибраһимә уа алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид». Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты Хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында сен барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы Хазіреті Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Ауырған кезде оқылатын дұғалар. Хадис шәрифте: «Лә хәулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы. Бұған «тәмжид кәлимасы» деп айтылады. Қорыққан кездерде және жыннан қорғану үшін де оқылады. Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың қасиетті есімдері берілген. Олар: Мұхаммед, Ахмет, Хамит, Махмуд. Бұлар Құранда ең ерекше болғандары «Мұхаммед» және «Ахмет». Мұхаммед көп мақталған, Ахметте «көбірек шүкіршілік еткен» мағыналарын түсіндіреді. Құран Кәрімде Мұхаммед есімі 4 жерде, Ахмет есімі 1 жерде кездеседі. Пайғамбарымыздың өзі бір хадисінде: «Мен Мұхаммедпін де, Ахметпінде. Мен махимін мен хаширмін, мен ақибпін, хатемүл анбиямын сондай-ақ менен кейін ешкім нәби (пайғамбар) бола алмайды» деген. (Бухари, Мәнәқиб 17 )

         «Әл-Хашир» — мағынасы біріктіруші. Біздің пайғамбардан (с.а.у) бұрын жіберілген пайғамбардың бәрі бір қауымға жіберілсе, біздің Пайғамбарымыз (с.а.у) бүкіл адамзатқа Хақ Тағаланың елшісі ретінде жіберілген.

«Әл-Махи» -тазартушы. Мұхаммед (с.а.у) Алланың күпірлікті жоятын елшісі.

«Ақиб» — орынбасар, мұрагер. Басқа пайғамбарлардан соң келуі себебінен біздің Пайғамбарымыз (с.а.у) солардың орынбасары әрі пайғамбарлардың мөрі, яғни соңғысы болып есептеледі. Бұл жайында Құранда «Сөзсіз, Аллаһ пен періштелер Пайғамбарымызға көп салауат айтады. Әй мүминдер! Сендерде Оған салауат келтіріңдер, толық мойын ие отырып, сәлем беріңдер!.. (Ахзаб, 56) деген».

Ғалымдар Аллаһ елшісінің (с.а.у) есімдері мұнымен ғана шектелмейтінін айтады. Олардың айтуынша Құранда пайғамбарымыздың (с.а.у) сипаттары ретінде расул, нәби, шаһид, мубәшшир, бәшир, мунзир, сиражун-нур, муддәссир, муззәммил, хатамун нәбииун, сияқты есімдері айтылады. Аллаһ Тағала бұдан бөлек хақ елшісін (с.а.у) өзіне тән Рауф және Рахим атты екі есіммен марапаттап, қадірін айшықтай түскен. Олай болса Аллаһ елшісінің есімінің көптігі, оның қадірі мен мәртебесінің биіктігін көрсетеді.

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Құт пен берекенің символы — Тайқазан» көрмесі ашылды

Келесі ақпарат

Мұрағаттан Түркістан тарихына қатысты тың мәліметтер табылды