Ұдайы айту әдебі және уақытымен айту әдебі

(Бустан ул-мухиббиннен үзінді)
Ұдайы айту әдебі. Мысалы, зікірдің тасбих, таһлил, мақтау, мадақтау, тәкбір, ұлықтау секілді түрлері және мұнан да өзге зікірлер. Өйткені Паруардигардің үнемі, әрқашан қылу керек зікірлері көп. Сондай-ақ Мағаз р.з. Пайғамбар ғ.с.-нан: «Алла тағалаға ең сүйікті амал қандай амал?» деп сұраған кезде, Пайғамбар с.ғ.с.: «Дүниеден өтіп кеткендеріңше тілдерің Құдайдың зікірімен ылғалданып тұрсын» дейді.
Уақытымен айту әдебі. Бұл үш мақаммен тамам болады. Әуелгі мақамында он төрт әдептен тұратын мінәжат пен дұғалар жөнінде баяндалады. Бірінші, дұғаны шарттары және рүкіндерімен бірге жасау керек. Мысалы, дұғаның басында және соңында Құдайға мақтау, мадақтау, ұлықтау, Пайғамбарға салауат айтылу керек, барлық қажеттерін сұрау керек және сұраушы мен тыңдаушы «Әмин!» деуі керек. Бірақ күнә мен қылмысқа қайта оралмақ ойы болып, жаман дұға, мүмкінсіз нәрселерді тілесе, құрметті шариғатқа қарсы шығу болып табылады. Екінші, Алла Тағаланың атын айта отырып жалбарыну. Мысалы, «Аллаһумма Рабби жғәлни муқимас саләти». Негізі аятта: «Рабби жғәлни муқимас саләти» (14:40). «Аллаһумма Рабби лә тәзәрни фардән уә әнтә хайрул уарисин», аятта: «Рабби лә тәзәрни фардән уә әнтә хайрул уарисин» (21:89). Үшінші, Құранда: «Айт!» деп келетін бұйрық сөзді қоспай айту. Мысалы, «Уә қул Рабби зидни ғилман» (20:114), «Уә қул Рабби ғфир уәрхәм» деген дұғалардың «уә қул» сөздерін алып тастап айту керек (23:118). Төртінші, қиын уақыттарда дұғаны уасила үшін салихтар қылсын. Бұл жөнінде Бұхари мен Мүслімнен жеткен сахих хадисте Пайғамбар с.ғ.с. айтады: «Үш адам кетіп бара жатқанда жауын жауып кетіп олар таудағы үңгірге барады. Үңгірдің аузын тас басып қалып, олар бір-біріне: «Алла үшін жасаған ізгі амалдарыңа қараңдар да сол ізгі амалмен Аллаға жалбарыныңдар, бәлкім Алла сендерді бұл жерден құтқарады» дейді. Бесінші, қабыл болу үшін Алла Тағаланың кәләмін ұстаздар қылғаны дұрыс. Мысалы, мынадай дұғаны «Аллаһумма иннә самиғнәкә тақулу мә хәсәнә ғаләл мухсинин мин сабил уә Аллаһумма ғфирләнә уәрхамнә». Мағынасы: «Аллаһым, көркем амал жасаушыларға не нәрселер көркем екенін айтқаныңды естідік. Бізді рахым қылып, кешіре көр». Алтыншы, дұғада күнәні мойындау. Жетінші, «Рабби ғфирли уә һәб мулкән» (38:35) деп, Алла Тағала Құранда айтқандай, әуелі кешуді талап қылу. Сондай-ақ Расул (ғ.с.) айтады: «Рабби ғфирли уә туб ғалә…» деп. Сегізінші, «Айнә мә уәғәдтәни» деп Нәби (ғ.с.) айтқандай жақсылықты астарлап, тұспалдап қылу керек. Не болмаса, Нух (ғ.с.) айтқандай: «Рабби иннә-бни мин әһли, уа иннә уағдәкә әл-хаққу уа Әнтә әхкаму әл-хакимин» (11:45) деп, немесе Ғиса (ғ.с.) айтқандай: «Ин туғаззибһум фәиннәһум ғибадука, уә ин тағфир ләһум фәиннәкә Әнтә әл-Ғазизу әл-Хаким» (5:118) деп. Тоғызыншы, Расул ғ.с-ның аузынан шыққан шынайы дұғалармен дұға қылу керек. Оныншы, «Бақара» сүресінің ақырында Хақ Тағала: «Раббәнә лә туақизнә…» (2:286) деп айтқан секілді ықшам әрі өте әдемі етіп келтіріп дұға қылу керек, мақсұтқа дәлел болады. Он бірінші, дұғаны егер бір басшы, жетекші адам болмаса, күліп, мәз-мәйрам болған күйде қылмасын, егер сондай бір басшы, жетекші адам болса солай қылса жарасады. Шибли р.һ.: «Хаққа мәз-мейрам күйде дұға қылу – әдепті тәрк етулік» дейді. Бірақ бұл қатып қалған нәрсе емес. Шындықта мәз-мейрам күйде дұға жасау рұхсат және әмірмен болса ол әдептен тысқары емес. Себебі Мұса ғ.с. әуелгіде дүнияуи қажеттерін мәз-мейрам күйде сұраудан өз-өзін ұстады. Бірақ Хақ Субханаһу оның дәрежесін көтеріп, өзіне жақын қылғанда оған мәз-мейрам күйде дұға жасауға рұхсат берді. Шындықта Алла тағала оған: «Менен егер тұз да болсын сұрасаң міндетті түрде дұғаңды қабыл етемін» деді. Он екінші, «Раббәнә заләмнә әнфусәнә, уә ин ләм тағфирләнә уә тәрхәмнә ләнәкунәннә минә әл-хасирин» (7:23) (мағынасы: «Тәрбиешіміз біз өз-өзімізге зұлымдық қылдық, егер кешу етіп, рахым етпесең, қасіретке ұшырағандардан боламыз) деп Адам ғ.с. секілді төмендік, қорлық, жаманшылықты өзіне қатысты қылып, жақсылықтарды Хақ Тағалаға қатысты етіп, дұға қылсын. «Күллі жақсылықтар Сенің Құдірет қолыңда, жаманшылық Сенің тарапыңда жоқ» деп, барлығы хақиқатында Алла тағаладан болса да Адам ғ.с. осы дәрежедегі әдепке мұқият болды. Раббысы дұғасын қабыл қылып Ібіліс малғұн жайына кетті. Әдептердің жақсысы – осы әдеп. Он үшінші, бәле келсе, Мұса ғ.с. секілді Құдайдан ғана қорған, пана тілеп, жағыну керек. Одан өзгеден жәрдем сұрауды талап қылу дұрыс емес. Он төртінші, «Аллаһумма я али Ибраһим уә Исмағил уә Исраил…» деген сияқты қабыл болу үшін өзінің дұғасына бір кісінің дұғасын уасила қылу керек.
Екінші мақам үш әдептен тұрады. Бірі – кезінде «осы күні тоқ болсаң, ертеңгі күні аш боласың» деп Расул (ғ.с.) айтқан илһамды еркімен таңдаған кедейді байдан ілгері тұту. Екінші, «Раббәнә заләмнә…» (7:23) деп, жалбарынған кезде, Адам ғ.с. сияқты кінәны мойындап кешірім сұрау керек. Үшінші, «ин кунту қултуһу фәқәд ғалимтәһу» (5:116) (мағынасы: «егер мен солай деген болсам, сөз жоқ, оны Сен өзің білген болар едің») деп Иса ғ.с. жауап берген сықылды, «Ол айтпаған нәрсені айтпаймын» деп, бағыныштылық әдебін қылмақ үшін, дұғаны Алла Тағаланың ғылымы тарапына тапсыру керек.
Үшінші мақам төрт әдептен тұрады. Бірінші, нәпсісіне әсерлі, жағымды болмас үшін жақсы істерді жасадым деп дәлелдер айтуға Алла Тағаладан ұялсын . Мысалы, Пайғамбар ғ.с.: «Қадір түнін көрдім, бірақ ұмытып кетіп отбасымның бірі мені оятты» дейді. «Алла тағала мен үшін жерді жинады. Мен оның шығысы мен батысын көрдім. Бірақ ешкімге айтпадым. Осы әдепті сақтап, сыр шашпау керек екенін білдім» дейді. Осылайша Раббысына әдеп көрсетті. Неткен өте көркем әдеп. Алла тағала Құранында оған былай деп үн қатты: «Айқастың алдында оларға топырақ шашқаныңда, анығында, оны сен шашпадың, алайда оны шашқан Алла еді» (8:18) дейді. Екінші, Алла Тағаладан қорқып, өзі қабыл етпегенше, уағызды айтпасын. Үшінші, кісінің хал-жағдайын білмейінше және оның өзі дұға етші деп өтінбейінше ара түспесін. Алла тағала Нұх ғ.с-ға: «Уа, Нұх! Ол, шындығында, сенің жанұяңнан емес. Өйткені ол сенімі мен іс-әрекеттері дұрыс адам емес еді. Олай болса, өзің білмейтін мәселені қозғап, маған өтініш айтпа» (11:46) дейді.Төртінші, дұға қылу мен кешу сұрауын дәметкен ол кісі үшін кешірім тілеуді батыл, асығыс түрде талап қылмасын. Керісінше Жақып ғ.с.-нің ұлдарына жеделдетілмеген түрде: «Сендер үшін алда кешірім сұраймын» (12:98) дегені секілді оның уақыты мен рұқсаты бар. Өйткені ұлылар Әл-Кушшафта: «Истиғфарды қабыл болуына сенімді болу үшін кейінірек сахар уақытында немесе жұма кешінде жасау керек» дейді. Мұның барлығы Минһажу әл-Ханафиден теріп алынған ең негізгілері.
Алдыңғы ақпарат

ШАХАРСТАН ҚАМАЛЫ

Келесі ақпарат

ӘНЕТ БАБА