МАҢЫЗДЫ :

nothing found
  1. Басты бет
  2. Археологиялық ескерткіштер

Рубрика: Археологиялық ескерткіштер

ҚАРАТӨБЕ-САУРАН ҚАЛАСЫ, ІV-V – ХІІІ-ХІV ғғ.

ҚАРАТӨБЕ-САУРАН ҚАЛАСЫ, ІV-V – ХІІІ-ХІV ғғ.

Республикалық маңызы бар ескерткіш. Координаттары: 43˚29.203΄, 067˚46.829΄. Қала жайлы алғашқы дерек Хғ. өмір сүрген географ әл-Мақдиси (Муқадиси), әл-Истахри, Ибн Хаукал, ХІғ. өмір сүрген Махмұд Қашқари, ХІІІғ. авторлары әл-Асир, Якут әл-Хамави, армян патшасы Гетумның жолжазбасында кездеседі.…

МІРТӨБЕ ҚОНЫСЫ, ХV-ХVІІІ ғғ.

МІРТӨБЕ ҚОНЫСЫ, ХV-ХVІІІ ғғ.

Сауран қалашығынан шығысқа қарай 3,5 шақырым жерде, Майдантал ауылдық округінің аумағында орналасқан. Қонысты 1867 ж. П.И.Лерх, 1951 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген, ал, 2005-2009жж. Түркістан археологиялық экспедициясы…

ЕСКІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ, XIV-XIX ғғ.

ЕСКІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ, XIV-XIX ғғ.

Қала б.з.д. ІІІ-XIVғғ. «Ясы» деп аталған  қалашықтын өмірінің жалғасы болып табылады. Жүздеген жылдар ағымында қала өркендеді, бет-бейнесі өзгерді. 1166 ж. Ясыдағы мазаратта суфистік ағымның атақты уағызгері Қожа Ахмет жерленген соң Ясы қаласы діни орталыққа айналды.…

САУРАН ҚАЛАШЫҒЫ, ХІІІ – ХVІІІ ғғ.

САУРАН ҚАЛАШЫҒЫ, ХІІІ – ХVІІІ ғғ.

Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 44 км жерде орналасқан. Республикалық маңызы бар ескерткіш. Координаттары: 43˚31.106΄, 067˚46.337΄. Бұл кейінгі ортағасырлық Сауран қаласы осыдан оңтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан ерте ортағасырлық Қаратөбе-Сауран (IV-XIVғғ.) қаласының өмірін жалғастырған қала.…

ШОЙТӨБЕ-ІІ ҚОНЫСЫ, ХІІ – ХІV ғғ.

ШОЙТӨБЕ-ІІ ҚОНЫСЫ, ХІІ – ХІV ғғ.

Түркістан қаласының оңтүстігінде  7 шақырым жерде, Шауғар-Шойтөбе қаласының шахарістанынан шығысқа қарай 350м жерде орналасқан. Координаттары: 43˚14.477΄, 068˚18.511΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 219м. Төбе шығыстан батысқа қарай 780м, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 320м созылып жатыр. Табиғи күштердің әсерінен пайда…

ШОЙТӨБЕ-І ҚОНЫСЫ, ІХ-Х ғғ. – ХІV-ХV ғғ.

ШОЙТӨБЕ-І ҚОНЫСЫ, ІХ-Х ғғ. – ХІV-ХV ғғ.

Түркістан қаласының оңтүстігінде  7 шақырым жерде, Шауғар-Шойтөбе қалашығынан оңтүстік-шығысқа қарай 200м жерде орналасқан. Координаттары: 43˚14.501΄, 068˚18.405΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 255м. Қоныстың өлшемдері СШ-470м, СБ-340м, ОБ-370м, ОШ-340м. Теңіз деңгейінен биіктігі  204,5м. Алғаш рет 1997 жылы Түркістан…

ШАУҒАР-ШОЙТӨБЕ ҚАЛАСЫ, ІІ-ІІІ – ХІІІ ғғ.

ШАУҒАР-ШОЙТӨБЕ ҚАЛАСЫ, ІІ-ІІІ – ХІІІ ғғ.

«Шойтөбе» атауы «Шой» деген Оғыз тайпасының атынан шыққан. Түркістан оазисінде Оғыз тайпаларының атымен аталатын қалалар бірнешеу, олар – Қарнұқ-Қарнақ; Қараджук-Қарашық; Байындур-Байылдыр; Қайы-Уранқай; Оқлы-Оқшы; Тәкин-Теке; Шой-Шойтөбе, Шойтөбе І, ІІ және Шоймола мазараты. Көрші аудандарда да оғыздарға…

ЯСЫ-КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ,  Б.З.Д. ІІІ – Б.З. ХVIII ғғ

ЯСЫ-КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ, Б.З.Д. ІІІ – Б.З. ХVIII ғғ

Ясы-Күлтөбе  қалашығы (б.з.д.ІІІғ.-б.з. ХIV-ХVIIIғғ.) «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар ескерткіш және Қазақстандағы көне қала орны. Қалашық  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метр  жерде  орналасқан. Б.з.д ІІІ ғасырдан бастау алатын…

Сауран медресесі

Сауран медресесі

XVIғ. өмір сүрген Васифидің еңбегінде Сауранда шайқалып тұратын екі мұнарасы бар медресе болғандығы айтылады. Медресе орталық алаңның шығыс бетіне орналасқан, көлемі 1500кв.м жерді алып жатыр. Құрылыс іргесі 2005-2007жж. қазба кезінде толық аршылған. Кезінде екі қабатты…