Түркістан облысына келген ресми қонақтар ең алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табан тіреді.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Гауһар Жүзбаева Қожа Ахмет Ясауи, Есім хан, Рәбия Сұлтан Бегім кесенелері мен жерасты қылуеті, шығыс моншасы және ортағасырлық Күлтөбе қалашығымен таныстырып, Қазақстан ғана емес түркі әлемінің рухани орталығы Түркістан туралы танымдық мәліметтермен бөлісті.
Тарихи-мәдени ескерткіштер мен оларды күтіп-сақтау, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі туралы жылы лебіздерімен бөліскен қонақтар қорық-музей ұжымына алғыстарын жеткізді.