МАҢЫЗДЫ :

nothing found

БЕЛГІСІЗ ЖАҢА МҮРДЕХАНА, ХV-ХVІ ғғ.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік-батысқа қарай 52м жерде орналасқан, координаттары 43°17.826 ́, 068°16.219 ́. Құрылыс 1975ж. жер тегістеу барысында кездейсоқ ашылып, архитекторлар А.Н.Проскурин мен Б.Т.Тұяқбаевалар есепке алып, ойылып қалған оңтүстік-шығыс бұрышын қайта қалатады. 2000ж. Түркістан археологиялық экспедициясы қайтадан толық аршып (М.Тұяқбаев), зерттеп, өлшемдерін, сызбасын түсірді. Әзірет Сұлтан кесенесінен оңтүстік-батысқа қарай 52м жерде орналасқан, координаттары 43°17.826 ́, 068°16.219 ́, теңіз деңгейнен 217м биіктікте жайғасқан. Құрылыстың өлшемдері: СШ беті 400см, ОШ-430см, ОБ-435см, ОШ беті шығыс бұрышының ауыр техника салмағынан ойылып, қирауына байланысты 340см ғана, қираған бұрышты дөрекі түрде қайта қалай салған. Бұл өлшемдер жерден 68-70см биіктікке дейін қаланған негізгі қабырғасына тиесілі, ал, күмбезі одан кішірек етіліп «Балхи» әдісімен (Ғар мен Моншаның кіреберіс дәлізінің күмбезі) төртбұрышты бірте-бірте иіп күмбезге айналдырған. Күмбездің төменгі іргесінің өлшемдері: СШ беті-370см, ОШ-360см, ОБ-410см, СБ-350см, қабырғасынан биіктігі-192см, жалпы мүрдехана табанынан өлшегенде 260см. Солтүстік –шығыс беттен күмбездің өзінен аркалы есік шығарылған, ені-70см, биіктігі-140см.

Есік кесек пен балшықтан қаланып жабылып тасталған, бұл сірә, ертеректе болған сияқты. Мүрдехананың иелері еденіне көмілмей қойылады, ал мына құрылыстың іші 60-70см-ге дейін мәйітпен толтырылып, үсті жұқа топырақ қабатымен жабылған. Сол, 1975ж. кесене айналасын тегістеп жатқан кезде өте көп адам сүйегі ашылып қалған, оларды арнайы бригада жинап, адам аяғы баспайтын жерлерге қайта жерлеген. Сірә, сондай жердің бірі осы мүрдехана болған сияқты. Калай болғанда да мұнда алғашқы кезде қанша адам жерленгенін білу мүмкін емес, кейінгі сүйектер басып қалған.

Мүрдехана үстіне кесене салынбаған және ол жоспарда да болмаған, тек құрылысты топырақпен көміп жер бетіне төртқұлақ сағана қаланған.

Әдебиеттер:

  1. Туякбаев М. Новый подземный склеп ХҮІ-ХҮІІ вв. // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Уральск, 2011. №1-2.
  2. Белгісіз жаңа сағана, ХҮ-ХҮІ ғғ. // Түркістан өңіріндегі тарихи – мәдени ескерткіштер. Алматы, 2016. – 17 б. № 09.
  3. Тұяқбаев М. Ескі Түркістан понтеоны // М.Елеуовтың 70 жылдығына арналған конференция материалдары. А., 2016. 191-197 бб.
Алдыңғы ақпарат

БЕЛГІСІЗ САҒАНА, ХVІ-ХVІІ ғғ.

Келесі ақпарат

ҚАЙНАР КҮШЕК СҰЛТАН МҮРДЕХАНАСЫ, ХVІ ғ.