МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҚҰББА

Құбба жайында ғылыми әдебиеттерде жазылған материалдар жоқтың қасы десек те болады. «Құбба» арабтың сөзі күмбез дегенді білдіреді. Бұл тұжырымды шығыстанушы тарих ғылымдарының кандидаты А.А.Иванов та растайтындығын ғалым тарих ғылымдарының докторы,  М.Қожа өз еңбегінде келтірген. Құбба ғылыми әдебиеттерде күмбездің ұштарына орнататын шошақтарды айтады. Ол көбінесе діни және сәулеттік құрылыстарға тән. Оны керамикадан, ағаштан немесе металдан жасайды. Құбанның іші қуыс, табан жағы кеңейтілген, жоғары жағы шар үстіне орнатылған конус тәріздес. Мойны мен табан бөліктері белдемше-буындарға бөлінген. Отырар ауданындағы Мыңшұңқырға жүргізілген археологиялық қазбадан төрт бүтін құбба және оның бөліктері табылған. Киелі шаһарды алғашқы болып зерттеген ғалым А.К.Кларе құббаларды мола ішінен де көп кездестіргендігін өз еңбектерінде жазып қалдырған.

Алдыңғы ақпарат

ШЫРАҒДАН ХV ғ.

Келесі ақпарат

ҚАБІРХАНА ЕСІГІ