1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығында «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының мектеп алды даярлық тобының бір топ балалары мен тәрбиешілері қонақта болды. Алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ондағы Әмір Темір дәуірінен қалған ортағасырлық Тайқазан, Есіктер, Лауха сынды жәдігерлермен танысқан балалар одан әрі Есім хан, Тәуке хан, Рәбия Сұлтанбегім кесенелерімен, Жұма мешіті, Қылует жерасты мешіт музейі, Шығыс моншасы музейінің экспозициясымен танысты. Балаларға зор қуаныш сыйлаған музей-қорық әкімшілігіне балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері зор алғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Б.Байбол, бөлім басшысы.