OLYMPUS DIGITAL CAMERA
Координаттары: 43˚17.200΄,068˚17.035. Жергілікті маңызы бар ескерткіш. Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі көне мазаратта орналасқан. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Шағын бір бөлмеден тұратын мазар өлшемдері 4,7х4,7 метр, тік төрт бұрышты болып, күмбезделіп жабылған. Күмбезінің ұшар басына дейінгі биіктігі 4,5 метр. Жақтаулары кірпіштерді әсемдеп қалау арқылы безендірілген. Есіктен және терезе жақтауларында темір торлар орналасып, ішкі келбеті сыланған. Бала би (Тамабай) мазары 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №597 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.

Әдебиеттер:
- Мухамедиева Н.Н. Мазар Бала-би (Тамабай) // Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. А., 1994. –С. 291. №597.
- Мұстапаева Д. Бала би мазары // Түркістан – руханият бесігі. Лингво- өлкетану энциклопедиясы. Нұр – Сұлтан, 2019. 182-183 бб.
- Бала би (Тамабай) мазары // Түркістан энциклопедиясы, І-том. Астана, 2023. 46 б.








