МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«БАЛҒЫН БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШЫҒЫМЫЗ» ШАРАСЫ ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы, «Балдырған» бөбекжай-балабақшасымен бірлесіп «Балғын балалар – біздің болашығымыз» тақырыбында мәдени-көпшілік шарасын ұйымдастырды. Шараға 50-ге жуық балалар қатысты. Алдымен бөбекжай-балабақшасының жас бүлдіршіндерінен құралған «Жұлдызша» тобы би билеуден өнер көрсетсе, мектеп алды даярлық тобынан құралған «Достық», «Бәйтерек», «Қарлығаш» командалары ән салып, одан соң спорттық ойын түрлерінен өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде «Қарлығаш» тобы спорттық сайыста белсенділік танытып топ жарса, «Достық», «Бәйтерек» командалары жүлделі орынға ие болды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және өнер көрсеткен бүлдіршіндерге музейдің балаларға арнап шығарған баспа өнімдері табыс етілді. Бүлдіршіндерді сайысқа дайындаған «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілеріне музей-қорық директорының арнайы дипломдары табысталды.
Шара соңында сөз алған «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі М.Сартпайқызы шараны бірлесіп ұйымдастыруға мұрындық болған «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының басшылығына және ұйымдастырушыларына риясыз алғысын білдіріп, музей кітапханасына «Шеберлердің сиқырлы қаласы» кітабын сыйға берді.
Алдыңғы ақпарат

МАРАПАТ ЖАУҒАН КҮН

Келесі ақпарат

БАЛАЛАР ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛҒАН КҮН