МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Кеңейтілген алқа отырысында мәдениет, архив және баспа ісі салаларындағы 2021 жылы атқарған қызметтер мен 2022 жылға қойылған негізгі міндеттер талқыланды.

Жиын барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, қорғау мәселелеріне тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

-Қарағанды облысы Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталды. «Сарайшық», «Әзірет Сұлтан», «Ордабасы» тарихи-мәдени музей-қорықтары аумағында заманауи визит-орталықтардың құрылысы басталды. Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім, Есім хан, Тәуке хан, Қылует жерасты мешіті сияқты тарихи-мәдени мұраға жататын 49 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, — деді министр.

Алдыңғы ақпарат

Ясауи бабалары мен ұрпақтары

Келесі ақпарат

Есім хан кесенесі