«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, Түркістан қаласындағы №8 Н.Төрекулов атындағы жалпы орта мектебіне «Ұлы дала тарихы» ( Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, мерейтойы) «Қазақтардың рухани әлемі Әл-Фарби және Абай» тақырыбында кітап және фото көрме қойылды. Сонымен қатар, экскурсовод С.Ералиева «Ұлы халықтың –ұлы Абайы» Ғылыми қызметкерлері И.Джалишева « Абайдың дүниетанымы» және Т.Оразов «Әлемге әйгілі ойшыл филосовтар Әл-Фараби және Абай» тақырыбында лекциясы өткізілді.
Аталмыш іс-шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Биылғы жылдың атаулы шаралары жайлы толыққанды түсіндіріліп, оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып қызықты пікірталас өтті.