МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қазақстандық БАҚ өкілдері мен блогерлер «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен танысуда

Ақпарат саласы өкілдеріне Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылыс ерекшелігі мен XIV ғасырдан сақталған төл жәдігерлер, тарихи бөлмелер, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін дамыту тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі Туризм индустриясы комитетінің «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ ұйымдастырған ақпараттық турдың мақсаты — қаланың жаңа келбетін және туристік нысандарды қазақстандық БАҚ және блогерлерге таныстыру.

Үш күндік ақпараттық сапар аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін, визит орталығын, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің ғимаратын, сондай-ақ Сауран, Отырар қалашықтарын және өзге де көрікті жерлерді аралату жоспарланған.

Алдыңғы ақпарат

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан қаласына кезекті ресми іссапармен келді

Келесі ақпарат

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ