МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔹 Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығындағы қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталған арнайы семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – музей-қорық аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезінде жедел шешім қабылдау қабілетін күшейту.

​🔹 Жиынды музей-қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Тастанбеков ашып, мәдени нысандарды қорғауда қауіпсіздік шараларының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін толық меңгеруі – тарихи мұраның сақталуының кепілі екенін жеткізді.

​🔹 Семинарға қатысқан Шымкент және Түркістан қалаларының МКҚБ 2-ші Патрульдік батальонының өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарында батальон командирінің орынбасары, полиция капитаны Сұлтанбай Сауранбай және взвод командирі, полиция аға лейтенанты Байғали Раймбеков болды. Құқық қорғау органдарының мамандары қатысушыларға сөмке, қорап, сағат тетігінің дыбысы, антенна секілді күдікті заттарды анықтау белгілерін, олардың қауіптілік деңгейін, сондай-ақ жарылғыш құрылғыларға ұқсайтын бұйымдарды байқаса қандай әрекет жасау керектігін жан-жақты түсіндірді. Полиция өкілдері қызметкерлерге әртүрлі жарылғыш құрылғылардың фотобейнелерін көрсетіп, олардың сыртқы белгілеріне тоқталды. Сонымен қатар, ұжымдық қырағылық пен жедел ақпараттандырудың маңызы ерекше атап өтілді.

🔹 Жиын соңында қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Полиция қызметкерлері ерекше назарды кесене аумағында күнделікті сақтық шараларын күшейтуге аударды. Себебі тарихи-мәдени нысандар – халыққа ортақ қазына, сол себепті оның қауіпсіздігіне барлық қызметкер жауапты.

А.Әлібек, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

ЖҮСІП АТА КЕСЕНЕСІНЕ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Халықаралық білім беру корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды