ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов РФ Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті. Тараптар мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Министр Асхат Оралов екі елдің мәдени байланысын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Ольга Любимова Ресей тарапы одан әрі өзара серіктестікке дайын екендігін жеткізді.
«Сіздің елдің жас таланттарын С.В. Рахманинов атындағы пианистер байқауында, сондай – ақ екінші халықаралық балалар мәдени форумында күтеміз», — деп атап өтті Ольга Любимова.