МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қарауыл Жаулыбайтегі Дүйсен би

Көкшетау өңірінде ғана емес, Арқа төскейінде шешендігімен, саясатшылығымен ел ілтипатына бөленген Қарауыл Жаулыбайтегі Дүйсен би — XVII- XVIII ғасырлардың тоғысында өмір сүрген айтулы тұлға. Халқымыздың ауызы дуалы данагөйі Қаздауысты Қазыбек биден тәлім-тәрбие алып, ел ішінде билікке ерте араласқан Дүйсен би атадан балаға мирас болған саясатшылық салт-дәстүрімізді қадірлеп-қастерлеудің жарқын үлесін көрсете білді. Әйгілі «Алабас» бүркітімен әбжыланды алғаны туралы аңызды бүгінгі күні Көкше өңірінің еңбектеген баласынан самайын қырау шалған қариясына дейін жыр қып айтады. Бертіндері құс еркесі «Алабас» жайлы жыр дүлділі Үкілі Ыбырайдан бастап, бүгінгі қазақ әдебиеті мен журналистикасының көрнекті өкілдері Сарбас Ақтаев, Хамза Абдулин, Төлеген Қажыбай, Айдос Әбутәліпов жыр-дастандар, ғылыми, әдеби еңбектер жазды. Дүйсенбиден тараған тоғыз ұл: Қойайдар, Бекше, Ақшабай, Бабас, Тоқсанбай, Үркінші, Дүңкелді ұрпақтары 2013 жылы даңқты бабаларының 300 жылдығына арнап ас беріп, «Алабас» бүркітіне ескерткіш орнатты. «Қарауыл Есенберліұлы Дүйсен би» деген арнайы жинақ шығарылды. Халқымыздың кеменгер, адал перзенттерінің бірі Қарауыл Дүйсен би өз өсиеті бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

Алдыңғы ақпарат

Тарих тұлғаларын жаңғыртуға Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы да атсалысады

Келесі ақпарат

Астанада «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің тұсаукесері өтті