Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Түркістан қаласындағы №24 жалпы орта мектебіне «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қызметерлері Д.Арынова «Алтын Орданың құрылуы мен гүлденуі», Т.Оразов «Алтын Орда мемлекеті ұлы дала өркениеті», А.Үркімбаева «Алтын Орда тарихы» тақырыбында кітап және сурет көрмесін өткізіп, арнайы дәріс жүргізді.
Аталған іс-шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Басқосу аясында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, қызықты пікірталасқа ұласты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керек», «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру» деп атап өткені белгілі.
Осы орайда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымы да түркістандық оқушыларға тарихи-танымдық насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алды.