МАҢЫЗДЫ :

nothing found

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Қала мектептері 2024-2025 жж. арналған оқу жылының жоспарына ашық сабақтар мен тәжірибелік сабақтарды мектептен тыс музейлерде өткізуді жоспарлаған болатын. Музейдің үйірме орталығында «Ясауитану» клубы мен №22 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Алаш қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақты №22 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сердалиева Сәрсенкүлдің жетекшілігімен өтті. Мектептің 8 сынып оқушылары ашық сабақта Әлихан, Ахмет, Міржақып болып үш топқа бөлініп, өзара білімдерін ортаға салды.
 Ашық сабақ жаңаша әдістерді қолдана отырып ұйымдастырылды. Ашық сабаққа музей-қорық директорының орынбасары, т.ғ.к., профессор М.Тастанбеков пен Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Б.Байболов қатысып, ашық сабақта алаш қайраткерлері М.Дулатов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытовтың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы келгендігі жөнінде баяндады. Сонымен бірге, Түркістаннан шыққан алаш қайраткерлері Н.Оңдасынов, С.Қожанов, С.Өтегенов, Қ.Қожықовтардың бай мұралары мен елі үшін атқарған қызметіне де тоқталды.
 Сабақ соңында №22 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері ашық сабақты өткізуге мүмкіндік қарастырған музей-қорық басшылығына, «Ясауитану» клубына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Жәнібековке қатысты дәрісті музейде ұйымдастырып берсеңіздер деген өтініштерін жеткізді.
Берік БАЙБОЛ, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

Келесі ақпарат

ЖАС АРХЕОЛОГТАР ҮЙІРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ