МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Адам бейнесін түсіруге арналған қалып, ХІІ ғ.

Қаратөбе — Сауран қаласы қазбасынан табылған.  Музей қорына 2006 ж. қабылданған.

Адам бет пішінінің қалыбы, (антропоморфтық.). Қалып қолөнер шеберлерінің сирек кездесетін құралдарының бірі, біздегі қалыпқа адам бет бейнесі күйдірілген қышқа ойылып түсірілген. Ішкі бетінің жоғарғы жағында маңдай мен шаш арасы кішкене  сай болып келіп, ойық сызық арқылы  бөлінген. Қалыпта адамның көзі бадам дәні тәрізденіп, мұрны және танауы үлкендеу болып бедерленіп түсірілген. Қалыптың артқы жағы бұдыр болып келген. Қалып дәл мойын тұсынан сынғандықтан  адам денесінің басқа мүшелері бар-жоғы белгісіз. Антропоморфизм–«антропос»-грекше «адам» жəне «морфе»- «түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестететін түсініктер. Алғашқы антропоморфтық  бейнелер  ежелгі  палеолит  дәуірі кезінде  пайда  болған.  Қалыптың   өлшемі: Һ-4,5 х 3,5 х 1 см.тең.

Алдыңғы ақпарат

Муршид ас-Саликин

Келесі ақпарат

«Ясауитану-2022» республикалық байқауы мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды.