МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«АБАЙ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұйымдастыруымен Түркістан балалар мен жасөспірімдер орталығында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Айтулы шараға әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ергөбек Құлбек, филология ғылымдарының докторы, профессор Садықов Сейдолла, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ергөбек Сапарбек, Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, ақын сазгер Манапов Әбдікерім, айтыскер ақын Шойбеков Бекарыс, Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелері – Досыбеков Пернетай, Аманбаев Амангелді, Ханділлаев Мырзан, Исмолдаев Шора, Елбасының Украинадағы бірге оқыған курстасы Каримов Әсетулла, Қуанышбаев Өтеп, ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі Марсалиев Кеңесбек және мектеп оқушылары мен қорық-музей ұжымы қатысты.

Жиынға қатысушылар мақалада айтылған мәселелер жөнінде келелі ойларын ортаға салып, тұшымды пікірлерін білдірді.

Дөңгелек үстел аясында қорық-музей қорынан «Ұлы дала елінің заңғары – Абай ақын» тақырыбында фото, кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеге ұлы ақынның артында қалған мол мұралары мен қорық-музей қорында сақталған фотосуреттері, қара сөздері қойылды.

Басқосу балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған «Қазақтың ұлы ақыны» әдеби-сазды кешке ұласты. Жас өнерпаздар ғұламаның қара сөздері мен өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Алдыңғы ақпарат

2020 жыл ТҮРКСОЙ шеңберінде Абайдың 175 жылдығына арналатын болды

Келесі ақпарат

«Ұлы даланың зергерлік мұралары» тақырыбында көрме-лекция өтті