Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін халықаралық мәдениет күнімен құттықтады.
«Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері!
Сіздерді халықаралық мәдениет күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет пен өнер қайраткерлері әрдайым мемлекеттің қолдауымен биік белестерді бағындырып, еліміздің атын алыс-жақын шет мемлекеттерде айшықтап келеді. Сондықтан да қоғамның шығармашылық адамдарына деген құрметі айрықша.
Еліміздің рухани, мәдени өмірінде жаңа бетбұрыстар жасап, жарқын істердің ұйытқысы болып жүрген баршаңызға мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау болып, шығармашылықта табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!
Ел руханияты мен мәдениетін көркейтуге қосқан үлестеріңіз қашанда халықтың көз алдында жүретін Сіздерге осынау ерен еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамын.
Мәңгілік Ел мәдениетінің одан әрі дамуына, өнеріміздің биіктерден көріне беруіне қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!»,- деп жазылған құттықтау хатында.