МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Аңдатпа

Профессор Девин ДиУистің «Қазақстан мен Орталық Азиядағы ислам және Йасауийаның мәдени тарихы» кітабында ағылшын тіліндегі түпнұсқадан қазақ тіліне аударылған 29 ғылыми еңбегі жинақталған. Бұл еңбектер профессор ДиУистің соңғы 40 жылда атқарған ғылыми қызметінің елеулі бөлігін көрсетеді. Бұл жұмыстар Орталық Азиядағы сопылық қауымға, әсіресе, Йасауийа дәстүріне ден қойған кең көлемді мәселелерді қамтиды. Бұлар америкалық ғалым жариялаған еңбектердің үштен бір бөлігінен астамын құрайды.

Профессор ДиУистің зерттеулері – қол жеткізген нәтижелері, қолданған әдістерінің ерекшелігі және тартылған түпнұсқа дереккөздердің байлығы тұрғысынан Қазақстанның ғылыми қауымдастығы үшін айрықша құнды. Аталған кітаптың басты артықшылығы – әр жылдары жарық көріп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғылыми журналдар мен жинақтарда жарияланған автор мақалаларының бір басылымда топтастырылуы.

Бұл кітаптың басты мақсаты – оқырмандарды ислам мәдениетін және Қазақстанның жазба мұраларын зерттеу саласында қол жеткізген ғылыми жетістіктермен таныстыру. Америкалық профессордың қазаққа қатысты еңбектерін бір жинаққа біріктіру және оған толыққанды көрсеткіштерді қоса беру – Қазақстанның ислам мәдениетін зерттеушілерінің ғылыми қызығушылықтарын арттыруға, дереккөздер базасы және Йасауийа бауырластығы мен ислам мәдениетінің тарихын талдауда қолданылатын әдіснамалық құралдарды терең зерделеуге зор мүмкіндік береді.

Кітапта проф. ДиУис қолданған атаулар, терминдер, кісі аттары, жер-су аттары және т. б. тіркестер автор қолданған нұсқада тарнскрипцияланды. Мәселен, қазақ қоғамында Ясауи десе, бұл басылымда автордың қолданысындағы Yasawi – Йасауи тұлғасы қолданылды. Осы тұлғадағы қолданыс дұрыс деп есептейміз.

Алдыңғы ақпарат

Ағаш бағана

Келесі ақпарат

«Музейде өрнектелген өмірім» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті