МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қазтөбе қаласы

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты археологиялық ескерткіш. Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылынан батысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан.

Б.з.д VI-ғғ. бастап б.з. I-II ғғ.  дейін өмір сүрген қалашық. Қаланың жоспары орталық бекініс- кешіктен (цитадель) және оны қоршаған құрылыс алаңы- шахарістаннан тұрады. М.Қашқаридің «Түрік сөздігінде» Афрасиабтың Қаз есімді қызы болғандығы айтылады. Қаз екі шаһар салдырған, бірі- Қазойын. Мұнда қыз тұрақты түрде өмір сүріп, серуен құрған, екіншісі-Қазсуы. Ол Ілеге құятын өзен бойында орналасқан. Қаздың күйеуі «Шахнаме» дастанында айтылатын Сиявуш өз әкесі Иран шахы Кайковусқа қатты ренжіп Тұран жеріне келіп тұрақтайды. Афрасияб Сиявушты құрмет тұтып, сый-сияпатқа кенелтеді жене оның жасағымен өзіне «Теңіздің арғы бетіндегі» (Каспий теңізі) Канганың (Сырдария) біржерінен жер береді. Сиявуш мұнда Канг-дез бекінісін салады. Ал, Зардушт дінінің қасиетті кітабы «Авестоға» келсек, мұнда да «Шахнамде» айтылатын көптеген тарихи деректер мен атауларды ұшыратамыз.

Археологиялық қалашықтың орталық бөлігі дөңгеленіп келген биік төбе түрінде, оның етегіндегі диамері 15м тең. Төбенің жалпы аумағы 1,4га, цитаделі 0,7га. Қоныс бұрын ғылымға белгісіз болып келген, оны алғаш рет 1998 жылы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археологиялық экспедициясы (М.Елеуов, Д.Ф.Винник) зерттеген, екінші рет 2003 жылы Түркістан археологиялық экспедициясының отряды (М.Тұяқбаев) зерттеп, планын түсіріп, ғасырын анықтады.

Алдыңғы ақпарат

Тайқазанды он үш рет көтерген Алатау батыр

Келесі ақпарат

Кимешек, ХХ ғ.