МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

«Әлемдік мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету және зерттеуде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК  СЕМИНАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК  (Түркістан қ.) және «Мемлекеттік реставрация ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу мекемесі (Мәскеу қ.) ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысуға шақырады.

Өтетін уақыты:  16 сәуір,  2024 жыл.

 Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы.

Семинар тақырыбының негізгі бағыттары: 

  • Дүниежүзілік мұра ескерткіштерін жанама әсерлерден сақталуын қамтамасыз ету. Климаттық факторлар мен жер асты суларының әсерінен қорғау.
  • Ескерткіштерлің тұрақты түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылыс жылу физика әдістерін қолдану.
  • Ескерткіштерді пайдалану алгоритмін әзірлеу және сақтау жағдайларын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаның әсерін бақылау.
  • Дүниежүзілік мұра объектілерін басқару мәселелері (менеджмент жоспарды әзірлеу және қолдану)
  • Орталық Азия ескерткіштерін зерттеу мен сақтауда құрылыс термофизика әдістерін қолдану.

Семинардың ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Семинарға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, реставрация, сәулет өнері, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен зерттеушілер, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары қатыса алады.

Семинарды ұйымдастыру комитетінің  мекен-жайы:

161200, ҚР Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әйтеке би 1 Б, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, тел (факс) 8 (725-33) 3-23-00, 8 775 315 10 89  e-mailazret-sultan@mail.ruasil.karim89@mail.ruКәрім Асылхан Әбдіқалиұлы

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

  1. Көлемі 5-7 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал.
  2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.
  3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1. 5 б.] беріледі.
  4. Қожа Ахмет Ясауи есімі 2007 жылы 15-16 қарашада өткен Республикалық конференцияның қарарына сәйкес «Я» – әрпімен және бір «с» әрпін қолданып жазылуы тиіс («Иасауи» немесе «Яссауи» емес «Ясауи» болып жазылады).
  5. Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілуі керек.

6.Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.

Семинарға қатысу үшін баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2024 жылдың  20 наурызына дейін жіберілуі тиіс.

Семинарға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші мекеме есебінен төленеді.

 

Тіркеу қағазы

  1. Фамилия
  2. Аты
  3. Әкесінің аты
  4. Ғылыми атағы
  5. Мекеме аты (ғылыми мекеме, ЖОО, мекен-жайы т.б.)
  6. Автордың мекен-жайы (пошталық индексі міндетті)
  7. Е-mail (міндетті)
  8. Телефон / факс
  9. Баяндаманың атауы /мақала/
  10. Қажетті техникалық құралдар
  11. Қонақ үйден орын қажеттігі (ия, жоқ)
Алдыңғы ақпарат

СТУДЕНТТЕР ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының нумизматикалық қорындағы Маңғыттар әулетінің тангалары