МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ШӘМЕТ ИШАН МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының орталығында орналасқан кешенді сәулеттік ескерткіш.Ғимарат ХVIII ғасырдың соңында, 1789 жылы халықтың сауатын ашу мақсатында іргетасы қаланған. Шәмет-Ишан діни білімін  әкесінен үйреніп, жетілдірген. Ол өте көреген, зиялы адам болған. Сондықтан да жергілікті ұсталардың көмегімен мешіт-медресе құрылысын бастайды. Ғимарат құрылысы бірнеше кезеңнен тұрған. Алғаш бұл жер мазар, мешіт, ал кейіннен медресе болып құрылған. 1789 жылы кіші сарай, 1876 жылы үлкен ақсарай салынады. Кіші сарайдың ішінде  ғарбар. Сол ғарда Аллаға құлшылық жасайтын болған.

Кешеннің сәулеттік безендірілуі, ішкі келбетінің гипіспен мәнерленуі және қабырғаға арабша жазбалар түсірілуі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі негізінде көрініс тапқан. 1890 жылдары айван мен қосымша сауат ашу бөлмелері салына бастады. 1896 жылы ғимарат құрылысы толығымен аяқталады. Медреседе оқу 1917 жылға дейін жалғасады. Сол жылдан бастап ғимарат жетім балалар үйіне беріліп, 1928 жылға дейін пайдаланылған. Ал 1982 жылдары  ғимарат қараусыз  қалады. 2005 жылы музей болып ашылғаннан кейін, 2009 жылдан бастап үкіметтің қаулысына сәйкес «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Бүгінгі күнге жеткен құнды дүниелердің басым бөлігі орта ғасырлар және жаңа кезең тарихынан сыр шертеді.
Әділхан АЛТАЕВ, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының тарихи ескерткіштерді қорғау инспекторы.
Алдыңғы ақпарат

Оқушылар тарихтың алтын мұраларымен танысты

Келесі ақпарат

«Ясауи мұрасы – мәңгілік мұра»