Бүгін, Аманат партиясының атқарушы хатшысы Асхат Рыздықұлы Оралов бастаған партияның бірнеше хатшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасады. Сайлауалды бағдарламасы аясында “Farab” ғылыми-әмбебап кітапханасында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен бас қосып жүздесті. Кездесу барысында ұлттық сананы жоғалтпай, қоғамның санасын жаңғыртуда идеология жұмыстарын күшейту тақырыбында келелі әңгімелер қозғап ой бөлісті.
Атқарушы хатшы өңірге жасаған сапарын ата-баба дәстүрі бойынша әуелі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасаумен бастап, Ахмет Ясауи кесенесінде Құран оқытумен жалғастырды.