Бүгін, 21 ақпан — Халықаралық экскурсоводтар күні мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Өңірлік туризмді дамытудағы экскурсоводтардың алар орны» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға музей-қорық басшылығы және экскурсоводтарымен қатар «Ұлы дала елі» орталығы, «Нәзір Төреқұлов», «Нұртас Оңдасынов», «Саттар Ерубаев» музейлерінің қызметкелері мен жекелеген гид-экскурсоводтары қатысты. Жиынды музей-қорық директоры М.Садықбеков ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел “Экскурсовод — имидждік кәсіп”, “Экскуроводтардың білімін жетілдірудің заманауи, тиімді жолдары”, “Экскурсовод тұлға ретінде қандай қасиеттерге ие болуы тиіс” деген тақырыптар аясында өтті. Әр тақырып бойынша экскурсоводтар ой бөлісіп, өз ара пікір алмасты.