1. Музей аумағында көрсетілетін қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы бұйрығына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
2. Музей демалыссыз аптаның барлық күндерінде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, жаз айларында сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Музейде болу тәртібі мен талаптары
1. Қорық-музейге кіру және келушілерге қызмет көрсету касса арқылы және бір реттік кіру құқығын беретін билет негізінде жүргізіледі.
2. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына ақысыз кіруге рұқсат берілетін күндер мен әлеуметтік топтар: 1) «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына келушілер әр айдың үшінші жексенбі күні; 2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері; он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар; 3) Мектеп оқушылары тоқсандық және жаздық демалыстары (каникул) уақытысында ақысыз кіре алады.
Музейге келушілер: Музейге кіру билетін алуға; Мемлекет меншігі болып табылатын музейдің мүлкіне ұқыпты қарауға, тазалық сақтауға, қоғамдық тәртіпті және осы Қағидалар талаптарын сақтауға міндетті.
Музейде болу талаптарына мыналар жатады:
1) Музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындау;
2) Қол жүгін, сөмкелер, жолдорбалар, кейстерді ұяшықта сақтау;
3) Музей аумағында көлемді қол жүктерімен жүрмеу;
4) Билетті экспозицияны қарау аяқталғанша сақтап, әкімшіліктің талап етуімен көрсету;
5) Келушілердің немесе музей қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін қауіпті жағдайларды музей қызметкерлеріне хабарлау;
6) Қараусыз қалған заттар табылған жағдайда музей қызметкерлеріне хабарлау;
7) Музейге етек-жеңі қысқа емес киім үлгісімен кіру;
8) Балалар мен мектеп оқушылары үшін балаларға жауапты жетекшінің болуы талап етіледі.
Ережелер бұзылған жағдайда Музейдің қызметкерлері келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолдануға, әрі тәртіп бұзушыларға ескерту жасауға,сондай ақ қорық-музейдің күзетін қадағалайтын арнайы құрам қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге құқылы.
Музей кешеніне келушілердің құқығы:
1. Арнайы рұқсат етілген аймақтарда фото және бейне аппараттарды қолдануға;
2. Гид (экскурсовод) қызметін пайдалануға;
3. Дәмхана, дүкен қызметтерін пайдалануға;
4. Балаларға арналған басқа да бейімделгіш заттармен (рюкзак-кенгуру, нәрестелерге арналған себет және сөмке) өтуге құқығы бар.
Музей әкімшілігінің құқықтары мен жауапкершіліктері
1. Алдын-ала келушілерді хабардар ету арқылы, музей жұмысының уақытын өзгертуге;
2. Музейге жеңілдік бағамен және ақысыз кіру құқы бар санаттағы тұлға екенін растайтын тиісті құжаттарын талап етуге;
3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында металл іздегішті қолдануға;
4. Кіруді шектеу арқылы келушілердің легін реттеп отыруға;
5. Музей әкімшілігі қараусыз қалған заттардың жоғалғаны үшін жауап бермеуге құқылы.