«Ясауи мұралары» көрмесі таныстырылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы №8 Н.Төреқұлов атындағы орта мектепте «Ясауи мұралары» көрмесі ашылды.

Көрмеде түркі халықтары тарихында айрықша орны бар ұлы ақын Қожа Ахмет Ясауи жайлы деректер мен қоғамдық өмірдегі орны, тарихта қалдырған ұлы іздері жайлы мағлұматтар беріліп, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жарыққа шығарған тарихи баспа өнімдері және фотосуреттер таныстырылды.

«Ясауи мұралары» көрмесі дәстүрлі «Ясауитану-2021» облыстық байқауы аясында ашылды.

Көрменің мақсаты — өскелең ұрпаққа Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімін, «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген тұлғалардың елі үшін атқарған еңбектерін, сондай-ақ, Түркістан қаласының тарихын, Әмір Темір дәуірінен қалған құнды ортағасырлық жәдігерлер мен мұражай ісін насихаттау.

Алдыңғы ақпарат

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Келесі ақпарат

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТТАР ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛДІ