XII-XIV  ғасырлардың мұрасы — «Шілдехана» ескерткіші

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің құрамындағы XII-XIV ғасырларға тән республикалық мәртебеге ие «Шілдехана» ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің солтүстік-батыс жағынан 22 метр қашықтықта орналасқан. Координаттары — 43˚17.864΄, 068˚16.220΄. Теңіз деңгейінен биіктігі — 219метр.

«Шілдехана» сөзінің түбірі парсының «чеһел» — қырық , ал «хана» — тұрақ үй деген мағына беріп, қырық күн тұратын үй екендігін білдіреді. Бұл жайында хазіретті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Кімде-кім 40 күні мен түнін шынайы ықылас-ниетімен Алла разылығы үшін құлшылық — ғибадат жасап өткізсе, Алла тағала оның жүрегінен тіліне қарай даналықтың бұлағын ағызады» деген өсиет қалдырған. Пайғамбар өсиетін орындау үшін Қожа Ахмет Ясауидің мұрагерлері Құдайға оңаша, жеке құлшылық жасайтын ғұрыптық құрылыстар салған.

Кезінде толығымен бұзылған діни — сәулеттік құрылыс 1980 жылдары қайта қалпына келтірілді. Құрылыс тік төрт бұрышты болып жартылай жер астына салынған. Жобада ғимарат тікбұрышты кесене ғимаратына қарсы орналасқан. Едендерінде гипстелген сылақтың іздері бар.

Ғимарат 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресіне» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.10 санды нөмірімен енгізіліп, мемлекет қарауына алынған.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және тұлғалар жайлы деректі фильмнің түсірілімі басталды

Келесі ақпарат

Халықаралық конференцияда «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде атқарылған жұмыстар таныстырылды