Туристерге қызмет көрсету үшін «Сапар орталықтары» салынады

Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы) іске асыру мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК «Гауһар ана кесенесі (ХІІ-ХIVғғ.)» және «Сауран қалашығы (XIII-XVIIIғғ.)» тарихи-мәдени мұра ескерткіштері аумағында 2019-2020 жылдары туристерге қызмет көрсету үшін «Сапар орталықтарының» құрылысы жоспарланып отыр.

«Сапар орталықтарында» туристерге сапалы қызмет көрсету үшін көрме залдарын орналастыру мен экскурсия қызметін ұсыну жоспарланған.

Алдыңғы ақпарат

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері басталды

Келесі ақпарат

Тайқазанның құйылғанына 620 жыл, тарихи орнына оралғанына 30 жыл толуына орай «Қайта оралған жәдігер» атты көрме ашылды