Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясына қатысушы делегаттар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді

Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысына қатысушы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, Өзбекстан және Мажарстанның парламенттік делегациялары, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының, бақылаушы ұйымдардың басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді.

Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан жерінде тамыры тарих боп таралған тұлғалар рухына құран бағыштаған делегаттар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Алдыңғы ақпарат

Құман-самаурын

Келесі ақпарат

Облыстық «Ясауитану-2021» байқауы өтті