Түркістанға «Ақын» көркем фильмінің түсірілім тобы келді

» Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастырумен «Ақын» көркем фильмінің түсірілім тобы келді.
Толықметражды көркем фильмнің түсірілім жұмыстарын аяқтаған шығармашылық топ Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, қорық-музей аумағындағы тарихи-мәдени нысандармен танысты.
Кастинг директоры — Айхан Чатаева, фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев бастаған кино саласының мамандарына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Данияр Садуақасов экскурсия жүргізді.
Айта кетсек, «Ақын» көркем фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша жасалған. Герман Тесстің «Шығармашылық кеш» әңгімесінің желісі бойынша түсірілген туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді.
Басты рөлді «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев сомдаған.
Алдыңғы ақпарат

«АЛТЫН ОРДАНЫҢ БИЛІК ИНСТИТУТТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЭТНОСАЯСИ ПРОЦЕСТЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Келесі ақпарат

ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ МУЗЕЙЛЕНДІРІЛГЕН КІТАПХАНА БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ