Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы құрылғылар орнатылды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бүкіл түркі жұртының киелі орны. Ал оның сақталуы басты назарда. 2023 жылдың қаңтар айының 9-11 аралығында «Қазқайтажаңғырту» РМК тарапынан кесененің Қазандық бөлмесінің күмбезінің ішкі және сыртқы аумақтарына ылғалдылық пен ауа айналымының көрсеткішін анықтайтын арнайы құрылғылар орнатылды. Кабельдік жүйе арқылы қосылған құрылғылар жұмыс станциясындағы компьютерге ылғалдылық пен ауа айналымының күнделікті көрсеткіштерін жеткізіп отырады.

Алдыңғы ақпарат

ҚЫЛУЕТКЕ ЕНУШІЛЕР МЕН ОҢАШАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ӘДЕПТЕРІ

Келесі ақпарат

НАЙМАН, БАЛТАЛЫ ҮСЕН БИ