МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Ортағасырлық Сауран қалашығын дамытудың кешенді жоспарлары әзірленуде

Осы орайда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев пен тарих ғылымдарының кандидаты, археолог, ғалым Марат Тұяқбаев және өзге де музей қызметкерлері Сауран қалашығын абаттандыру, Са­­­­пар орталығын салу жә­не туристік әлеуетін арт­­­­­тыру бойынша кеңес өткізді.

Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін сақталған көне тарих куәгері, ортағасырларда гүлденген шаһар болған Сауран — Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 46 шақырым жерде орналасқан, республикалық маңызы бар ескерткіш.

Сауран қалашығы Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. XIII ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. XIV ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. XVI ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында әлсіреп, XIX ғасырдың басында біржолата күйреген.

Қазіргі таңда тарихи қала қорған қамалмен қоршалған. Қаланың қақпалары мен бұрыштарына 7 қорғаныс мұнарасы тұрғызылған, қамалының ұзындығы — 2 360 метрді құрайды. Қамалдың сыртында тереңдігі 1-3 метр, ені 15-20 метр болатын ор іздері сақталған. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың VII – XVIII ғасырларға жататынын дәлелдейді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің алға қойған мақсаты сары далада тарихтың төл бейнесін танытып тұрған тарихи орынды қорғай отырып, туристер шоғырланатын аймаққа айналдыру.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

«Ясауитану-2021» байқауына құжаттар қабылдау басталды

Келесі ақпарат

Тәуке хан кесенесі, ХVІІІ ғ.