• 25 Қыркүйек 2020

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай арнайы жиын өтті. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы музей ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Осы орайда, қорық-музейдің ардагер қызметкері Байсакалова Ақжарқын Әбжанқызының шаңырағына арнайы барып, мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Сондай-ақ, жұмысқа ерекше жауапкершілік танытып, музей саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Сапарбаев Оразғали, Аянбаев Сембек және Эшанов Сабриддиндер «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы Ахметжановтың Алғыс хаты берілсе, Нұрханов Бақытжан, Шораева Перизат, Адиев Даулетияр, Таджибаев Нұржан, Исаев Мухтар, Асанбеков Аскар, Абдрасилов Берікбай және Кәрім Асылхан Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Алдыңғы ақпарат

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ 3000-НАН АСА ГҮЛ ЕГІЛДІ

Келесі ақпарат

Ұлттық киножобаларға іріктеу басталды