Альбом: Қазақстандағы жерасты мешіттері

 

Альбомды оқу

Бүгінгі таңда отандық өлке тарихын тану, зерттеу жұмыстары күннен-күнге қарқын алып келеді. Қалыптасқан қазақи дәстүрлі қоғам өзгерді, мәдени-рухани құндылықтар жетілдіріліп, жаңаша ұлттық сипатқа ие болуда. Қазақтың өзіне тән ұлттық ерекшелігінің бірі болып саналатын халық ауыз әдебиеті арқылы жеткен аңыз-әңгімелерін, жыр-дастандарын, шежірені білер, ескіден хабары бар қариялар, жыл өткен сайын азайып барады. Бүгінгі күні отандық тарих саласынан маңызды ауызша мәлімет беретін шежірешілер мен құймақұлақ азаматтар жоқтың қасы деуге болады. Зерттеушілердің қазіргі алда тұрған мақсаты — мүмкіндігінше, әлі де сақталып қалған тарихи ескерткіштерді, құнды заттарды, тарихи аңыздарды, ауызша тарих үлгілерін, елдің-жердің тарихына қатысты құнды мәліметтерді жинап алу, кәдеге жарату, сұрыптап, саралап, сараптама жасай отырып ғылыми айналымға енгізу. Қоғамдағы түрлі көзқарастар мен діни, рухани үдерістерді әлеуметтік құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеу, тиісті бағасын беру.

Х.М. Әбжанов «Қазақстан: тарих, тіл, ұлт» атты еңбегінде «Отан тарихының өлкелік ерекшеліктерінен экономикадағы, әлеуметтік кұрылымдағы, тілдегі, ділдегі, салт-дәстүрдегі бұрын барша қоғам қастерлеген, қазір ішінара сақталып қалған құндылықтар мен ұстанымдарды байқай аламыз», — деп   атап көрсетеді. Отан тарихы ғылымының дамуы мен қоғамдық ерекшелігінде діни дәстүрлер мен діни тарихи ескерткіштердің алар орнын нақтылау саланың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстанның материалдық мәдени мұрасы ретінде діни құрылыстар мен киелі орындар, оның ішінде жер асты мешіттерінің алар орны ерекше. Олардың тарихын, функционалдық қызметі мен архитектуралық ерекшеліктерін, рухани әлеуетін зерттеу, насихаттау еліміздің рухани қазыналарына халықаралық деңгейде назар аударуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта есепке алынғаны бар, алынбағаны бар Қазақстандағы жерасты мешіттерін табиғи және антропогендік зиян келуден  сақтау және оларды туристік нысанға аналдыруда қажетті ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтік-ұйымдастырушылық жағдайларды анықтау маңызды мәселеге айналып отыр. Ол үшін еліміздегі жер асты мешіттерінің тарихын зерттеу, жинақталған ғылыми деректер мен мәліметтерді жеткілікті дәрежеде насихаттау маңызды.

Қазақстанның рухани жер асты мешіттерінің туризмін дамыту мақсатында жерасты мешіттерінің суреттерін жинақтап елге таныстыру осы электрондық альбомныің негізгі мақсаты болды.

Отандық тарих ғылымында рухани жерасты мешіттері мәселесі жеке зерттеу тақырыбы ретінде алғаш рет қаралып отыр. Ұсынылып отырған элетронды альбом мемлекет бағдарламасындағы туризм саласын дамытуға өзіндік үлес қосады.

Альбомды оқу

Алдыңғы ақпарат

«Әлемдік мәдени мұраларды қорғау, сақтау және басқару» тақырыбындағы конференция өтті

Келесі ақпарат

АСТАНАДАН КЕЛГЕН АЛҒЫС ХАТ