МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ЖЕТІ АТА КӨШЕСІ

Жеті ата көшесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс бұрышынан Жеті ата қақпасына дейін созылатын, ұзындығы 660м, ені 4-5 метрлік қаланың негізгі бас көшелерінің бірі. Көше мен қақпаның аты қақпаның батыс бетіндегі мазаратта бір жерге жерленген Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың жеті мүридінің (шәкірттерінің) кесенесінің атынан шыққан. Бұл жайлы 1927ж. А.Л.Троицкая, 1962ж. В.А.Гордлевский, 1975ж. В.Н.Басилов жазып кеткен, соңғы автор өз мақаласында «…Одна из старых улиц города Туркестана носила наименование Етти-ата-кочеш (улица Семи ата) из-за погребенных там каких-то семи святых» деп жазады.

Көше қаланың 1875ж. картасында алғаш рет түсірілген. Көше бойында 2004-2014жж. аралығында археологиялық қазба жүргізіліп көлемі 1,3 га болатын Хан ордасы мен оған қарсы орналасқан Хан мешіті аршылды. 2009-2011жж. Жеті ата қақпасы, Баб Араб мешіті, Баба Ғаріп пен Үндемес ата кесенелері аршылып зерттелді. 2019-2020жж. кесененің батыс жағынан басталатын көшенің ұзындығы 100м, ені 25-30м болатын бөлігіндегі тұрғын үйлер, аршылып қайта қалпына келтірілді.

Алдыңғы ақпарат

БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Келесі ақпарат

КЕСЕНЕНІҢ СОЛТҮСТІК ФАСАДЫНДАҒЫ ЖАЗУЛАР