МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КЕСЕНЕНІҢ СОЛТҮСТІК ФАСАДЫНДАҒЫ ЖАЗУЛАР

 

Кесененің солтүстік фасады үш бөліктен тұрады: портал, оң және сол қанаттағы қабырғалар. Қабырғада мешіт, қабірхана, Үлкен Ақсарай, Абылайхан мен Зияратхана есіктері және кішігірім терезелер мен шатырдағы суағарлар шығарылған. Жазулар куфи бина’и қолтаңбасымен айналдырыла жазылған. Оң қанаттағы жазудың бірінші әрпі «алиф», «йудаббир» сөзі және сол қанаттағы жазудың бірінші әрпі «уау», соңғы әрпі «ра» қою көк түсті кірпіштермен, қалған әріптерді көгілдір түсті кірпіштермен безендіріліп жазылған. Оң қанаттағы жазудың мағынасы, сол қанаттағы жазумен толықтырылады.

Қазақ тіліндегі аудармасы:

Пенде жоспарлайды – Алланың дегені болады! (1. 68 — б.)

Кесененің әрбір бұрышына дейін құрылысы да, жазулары да терең әрі құнды мағына білдіреді.

Материал «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының баспа өнімі – «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» альбом-кітабы негізінде әзірленді.

Салтанат Ералиева, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының экскурсоводы.

Алдыңғы ақпарат

ЖЕТІ АТА КӨШЕСІ

Келесі ақпарат

МУЗЕЙ ҚОРЫ ЖҮРГЕНОВТІҢ ХАТТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ (Т.ЖҮРГЕНОВТІҢ ТУҒАНЫНА – 125 ЖЫЛ)