Қазақ тілін үйрететін портал іске қосылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLINЕda bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» «Өзге тілді азаматтарға қазақ тілін оқытуда www.tilqural.kz сайтын пайдалану» тақырыбында онлайн курс өткізді.

Онлайн курс Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшыларына, тілдерді оқыту орталықтарының директорларына, әдіскерлеріне, оқытушыларына, тіл мамандарына арналған 13-17 сәуір аралығында ұйымдастырылып отырған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбындағы онлайн курстар аясында болды.

Бесінші күнгі курста «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының Ақпараттық технологиялар басқармасы басшысы Мөлдір Бақытқызы қазақ тілін өз бетінше үйренуге ынталы азаматтардың тілді үйренуіне ыңғайлы tilqural.kz сайтын таныстырып, өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының өзге тілді ересек азаматтарға қазақ тілін оқытуда tilqural.kz сайтын пайдану ерекшеліктерін түсіндірді.

Сонымен қатар әдіскерлер мен қазақ тілі оқытушыларына тіл оқытуда, тіл үйренуге арналған оқу-әдістемелік құралдар әзірлеуде жаңа технологияларды пайдалану жолдарымен бөлісті.

Спикер сондай-ақ, қазақ тілін оқытуда ортақ сайтты пайдалану арқылы тілді үйретуді жүйелеудің тәсілдерін баяндады.

Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілін бес деңгейде өз бетінше үйренуге арналған сайттың тіл үйренудің әлемдік дәстүрлеріне сәйкес қазақстандық аналогтың ерекшеліктерімен танысты. Өңірлік тіл оқыту орталықтарының www.tilqural.kz сайтын ортақ пайдалану бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды. Онлайн курсқа 117 тыңдаушы қатысты.

Еске сала кетейік, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, оқытушылары, магистранттар мен докторанттарға арналған «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» тақырыбында 10 күндік онлайн курстар өткізді.

Алдыңғы ақпарат

12 өңірде мұрағаттау орталығын ашу жоспарлануда

Келесі ақпарат

Профессор Жамбыл Артықбаев Түркістан құпияларына арналған онлайн-дәріс өткізді