МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КЕСЕНЕНІҢ БАТЫС, СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ФАСАД ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ФРИЗІНДЕГІ ЖАЗУ

Батыс фасад қабырғасының мұнара жағынан бастап, солтүстік және шығыс фасад қабырғаларына ұласатын, биіктігі – 2,6 м, жалпы ұзындығы – 163 м, ауданы – 424 шаршы метр болып келетін фриздегі сулус көркем жазуы ашық көк түсті зертаспен құрастырылып жазылған. Бұл жазуда кіріспе сөзбен басталатын Құран Кәрімнің 6- шы сүресінің 59 – 63 аяттары мен құрылысшының аты-жөні, құрылыстың аяқталған уақыты жөніндегі мәліметтер берілген.
Қазақ тіліндегі мағынасы:
Аса мәртебелі, Киелі Алла айтты: «Көместің кілттері Оның жанында, оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық кітапта бар. Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің сол жақ. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді. Және Ол құлдарының үстіне өктем. Сендерге қорушылар (періштелер) жібереді, біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады, әрі еш кемістік етпейді. Одан кейін хақ иесі Аллаға ұсынылады. Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі есепшілердің ең жүйрігі. (Мұхаммед ғ.с.): «Құрлықта, теңіздің қараңғылықтарынан сендерді кім құтқарады? Осыдан бізді құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілерден болар едік деп Оған жасырын жалынып, тілейсіңдер…» Алла Тағала рас айтты».
809 жылы Шираздық Күрді Құл Қажы Хасан жасады.
Қарлығаш Нұрахметова, экскурсовод.
Алдыңғы ақпарат

Үкіметте Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді

Келесі ақпарат

2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 17 тарихи ескерткіш қалпына келтірілді