«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде Отан қорғаушылар күніне орай жиын өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған жиын өтті.
Шара барысында қорық-музейдің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы ұжымның ер-азаматтарын төл мерекемен құттықтап, отбасыдан басталатын Отан деген киелі ұғымның мәңгілік жаршысы болуға шақырды.
-«Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз нағыз Отан қорғаушылардың мекенінде өмір сүрудеміз. Қасиетті де киелі жерде елін, жерін қорғап ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен батыр бабаларымыз мәңгілікке тыныстап жатыр. Біз әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғаған, елдің тыныштығы мен береке — бірлігін көксеген батырлардың ұрпағымыз. Әрқайсымыздың әрбір ісіміз бен өнегеміз ұлы ерлер ұрпағы атына лайық болуы тиіс.
Ендеше, жүрегімізден Отанға деген махаббат, ұрпаққа деген мейірім, болашаққа деген күш-жігер кетпесін. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, зор бақыт тілеймін!»,-деді Нұрболат Қадырұлы.
Жиын барысында қорық-музейдің әйел-аналары да сөз алып, барша ер-азаматтарды мерекемен құттықтады.
-«Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз»,-деді қорық-музейдің қызметкері Меруерт Көпеева.

Алдыңғы ақпарат

Дарбаза қақпасы

Келесі ақпарат

Елордада аты аңызға айналған «Қара майор» туралы фильм көрсетілді