• 28 Қыркүйек 2020

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік шара өткізді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастырумен Түркістан қаласы №8 Н.Төреқұлов атындағы орта мектебінде 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты жиында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.Тастанбеков барша қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
Шара концерттік бағдарламаға ұласып ұстаздар мен оқушылар тарихи күнге орай театрландырылған көрініс қойып, Отан мен туған жерді, бейбіт өмір мен тыныштықты әсем әндер арқылы жеткізген жас дарындар мың бұрала би билеп концерттік бағдарлама арқылы мереке даңқын асқақтатты.
Жиын соңында рухани — танымдық шараны ұйымдастыруға атсалысқан ұстаздар мен белсене қатысқан оқушыларға «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейі директорының атынан алғыс хат табысталды.

Алдыңғы ақпарат

Музей қызметкерлері оқушыларға танымдық дәріс жүргізді

Келесі ақпарат

Қорық-музейде «Абайтанушы ғалым – Мекемтас Мырзахметов» көрмесі ашылды