Жолдаудың музей қызметкерлері үшін маңызы зор

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен ұлтымыздың болашаққа бағдарын мақсат еткен Жолдаудың басым бағыттары туралы қорық-музей қызметкерлері өзара пікір білдірді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемияның зардабы мен оны еңсеру жолдары, тіл, білім, мәдениет, экономикалық бағыт, әлеуметтік мәселелер сынды барша саланы дамытудың ұлттық жоспарына арналды. Жолдауда көтерілген мәселелердің мәдениет саласы, соның ішінде музейдің серпінді қадамы үшін де маңызы зор деп білемін»,-деді «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

Ресейлік ғалым «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне VIII ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады

Келесі ақпарат

ЖӘУДІР АНА МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ