МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ЖАС ТУРИСТЕР» МУЗЕЙІМІЗДЕ ҚОНАҚТА

«Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің «Жаз қызығы көңілді демалыс» іс — шаралар жоспары аясында мекеме қызметкерлері мен үйірмешілерінің қатысуымен музей-қорығымызда «Өмірі өнегелі Өзбекәлі» шарасы өтті.
Ғылыми қызметкер Оразов Талғат оқушыларды «Өмірі өнегелі Өзбекәлі» тақырыбында ұйымдастырылған арнайы көрме залымен таныстырды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің фотосуреттері, шығармалары мен өзі тұтынған жеке заттары оқушыларға таныстырылды.
Оқушылар «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының «Түркістан тарихы» музейінде мемлекетіміздің ұлттық валютасы — Теңгенің 30 жылдығына орай құрылған «Теңге. Ғасырлар сабақтастығы» атты нумизматикалық жәдігерлер көрмесін де тамашалады. Музейіміздің қор сақтаушысы Жолдасов Толқын жүргізген экскурсия барысында оқушылар сауда тарихы, Қазақстан территориясында айналымда болған ең алғашқы ақша түрлері, музей қорында сақтауға алынған сирек кездесетін және бірегей тиындармен танысты.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы қызметкерлері мектеп оқушылары арасында еліміздің тарихын, руханияты мен мәдениетін барынша насихаттауды, ұлттық құндылықтар мен тарихи нысандарға деген жанашырлықты дәріптеуді негізгі қызмет бағытының бірі деп біледі.
А.Тұрсынов, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы.
Алдыңғы ақпарат

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ӘСПЕТТЕЛДІ

Келесі ақпарат

ІЗДЕНІСКЕ ТОЛЫ САПАР