• 27 Сентябрь 2024

МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

 Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты 45 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде 30-ға жуық ескерткіш Ескі Түркістан қаласының аумағында орналасқан. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және есепке алу бөлімі тұрақты түрде бұл объектілердің сақталуын, сыртқы факторлардың әсерінен бүлінбеуін қадағалап отырады.
 Бөлімнің тағы бір қызметі тарихи ескерткіштерге жанашырлық танытуды, оларды бүлдірмеу туралы насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.
 Кезекті рет, ескерткіштерді қорғау инспекторы ретінде жастарға, мектеп оқушыларына тарих және мәдениет ескерткіштері елдің рухани құнды мұрасы екендігін, оларды сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсырудың маңызы зор екендігі түсіндірілді.
А.Тұрсынов, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы.
Алдыңғы ақпарат

ТАФСИР

Келесі ақпарат

КӨРМЕГЕ КЕЛІҢІЗДЕР!