МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, елімізге танымал қарилар, облыс бас имамдары мен әр аймақтан келген жас қарилар қатысты.

Тарихи іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біз ата-бабасын ардақтаған, әулие-әмбиесіне лайықты құрмет көрсеткен халықпыз. Республикалық Құран байқауы қарсаңында қариларымыз жүз рет Құранды толық хатым етті. Бүгін осы оқыған қасиетті Құран аятын бабалар рухына бағыштап отырмыз. Хадис-шарифте: «Расында Алла Тағала (ізгі ұрпақтың дұғасымен) пенденің дәрежесін көтереді. Сонда пенде: «Бұл ненің себебінен?» деп сұрайды. Алла Тағала: «Сенің ұрпақтарыңның дұғасы себепті» деп жауап береді» делінген. Біздің жасаған дұғамыздың себебінен бабаларымыздың рухы пейіште шалқығай деп үміттенеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деді.

Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері мен қарилар еліміздің игілігі мен болашағы үшін құрбан болған батырларымыз бен хан-сұлтандарымыздың, талай нәубетті замандарда репрессияға ұшыраған ата-бабаларымыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тіледі. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің ертеңі мен халқымыздың бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.

Жиын аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабірхана, мешітхана, қазандық, құдықхана, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай бөлмелерін аралап көрген Бас муфти мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев кесенеге келушілердің зиярат тәртібін енгізіп, кіші қажылық ұғымына сәйкес діни қағидаларды бекіту бойынша келіссөздер жүргізді.

Алдыңғы ақпарат

Ғалымдар Түркістанға қатысты тың деректер іздестіру үшін Ресейге аттанды

Келесі ақпарат

«Ясауитану — 2021» республикалық байқауы өтті