РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МУЗЕЙ БАСШЫЛАРЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскері-патриоттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Әскери-тарихи музейі» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және наурызға белгіленген қазақтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрі айына орай білім, ғылым мен мәдениет аясындағы тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыру, Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі тарихи мұраларды сақтау, қорғау мақсатында жеткен жетістіктерді насихаттау мақсатында екіжақты келісім түзілді.

Алдағы уақытта тараптар арасындағы тұрақты ақпарат алмасу, білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарының өкілдерімен байланыстарды кеңейту, біріккен конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер өзге де бастамашылықтарды жүргізу, ғылыми және ғылыми-техникалық бағыттағы зерттеулер қолға алынады.

Алдыңғы ақпарат

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі ақпарат

«Қайырымдылық – қайырлы іс» атты мәдени қайырымдылық шарасы өтті